Шымкентте балабақша күткен сәби көп

432

Биыл облысымыздың білім саласына бюджеттен 184 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Иә, қаражат қомақты. Алайда бізде білім ошақтары әлі күнге дейін жетіспейді. Мәселен, уш ауысымда оқитын 21 мектеп бар. Тағы 48 білім ошағы апатты жағдайда тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FPuZ7defTRc[/youtube]

Бұл мәселені 2016 жылы түбегейлі жою жоспарланған. Келер жылы он мектепті салу бюджетке ұсынылуда. Ал ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіші көңіл көншітпейді. Бұл мәліметтің барлығы облыстық білім басқармасы басшысы Альбина Елшиеваның есебінде айтылды.

vlcsnap-2014-11-21-18h25m21s247

Альбина Елшиева, ОҚО білім басқармасының басшысы: «Жалпы, менің білуім бойынша рейтингте біздің соңымызда бес облыс бар. ҰБТ бойынша былтырғыдан екі балға, алдыңғы жылдан 7 балға жоғарыладық.»

Ал бүлдіршіндерді балабақшамен қамту ісі 72 пайыздан енді асқан. Естеріңізде болса, облыс әкімі биылғы жоспар 75 пайызға жеткізу деген болатын. ол межеге жете алмаудың себебі – жаңа туылған балалар көбеюде. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай. Ал бөбекжайға кезек күткендер, әсіресе, Шымкент қаласында көп. «63305 бала дейді» басқарма басшысы.

vlcsnap-2014-11-21-18h25m57s112

 Альбина Елшиева, ОҚО білім басқармасының басшысы: «Облыс бойынша 89642 бала демалыс және сауықтыру шараларымен, 30 мыңға жуық бала мектеп жанындағы 1 мезгіл тамақтандырылатын лагерьлерге, 51 мыңнан астам бала жұмыспен, 41257 бала шығармашылықпен, 69748 бала спорттық-туристтік жорықтармен қамтылды. Жалпы, облыс бойынша 381647 бала жазғы демалыспен қамтылды. Бұл көрсеткіш 86,7 пайызды құрап, былтырмен салыстырғанда 2 пайызға артты.»

Өткен оқу жылында 700-ден аса оқушы халықаралық олимпиадаларға қатысты дейді биылғы жылдың 9 айын түйіндеп отырған басқарма басшысы. Республикалық олимпиадаларда оқушылар 2 жыл қатарынан 3-орында келсе, биыл 1-орыннан көріне білген. Бірақ сол шәкірттердің тәртібін қадағалайтын мектеп инспекторларының тәртібі оңбай тұр.

vlcsnap-2014-11-21-18h24m54s250

Альбина Елшиева, ОҚО білім басқармасының басшысы:  «1 инспектор 3 мектепке бекітілген. Оны тексеріп барсаң, екінші мектепке кетіп қалды. Екіншісіне барсаң, үшіншісіне кетеді. Көрмедік! Директор мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бағынбайды.»

Басқарма мамандары осындай олқылықтың орнын жою үшін мектеп инспекторлары білім ошағынан айлық алуы тиіс деп жоғарыға ұсыныс беріпті. Алайда бұл бастама қолдау таппаған. Ал өңірімізде 112 түрлі маман даярлайтын 92 колледжде дуальды оқу жүйесін енгізу қолға алынуда. Әзірде осы мақсатта облыстағы ірі кәсіпорындармен келісім-шарт түзілген.