Түлкібаста балабақша ашылды

802

Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов ауылында «Балапан» бағдарламасы аясында 150 орындық жаңа балабақша ашылды. Заман талабына сай жабдықталған балабақша құрылысына 36 миллион теңге жұмсалған.

101

Мектеп жасына дейінгі бұл ұйымда 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

100

Салтанатты шарада жиналған қауым тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламаларын тамашалады. Майлыкент ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов ауылында осымен тоғызыншы балабақша ел игілігіне беріліп отыр.

Дереккөз: Түлкібас аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметі