Түлкібаста жас ана уланып қалды

336

Түлкібас ауданындағы Рысқұлов ауылында қайғылы жағдай орын алды. Мұндағы бір үйдің ішінде пештің ақауының кесірінен бір отбасы көмірқышқыл газына уланып қалды.

008Соның салдарынан 26 жастағы жас ана көз жұмып, оның екі сәбиі ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ОҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Құтқарушылардың айтуынша, қараша айынан бері ОҚО-да көмір газымен уланудың екі жағдайы тіркелген. Соның салдарынан 7 адам зардап шегіп, тағы екеуі қайтыс болған. Осыған байланысты сала мамандары жергілікті тұрғындардан пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын ұмытпауды сұранады.