Қазығұртта мал шаруашылығы дамып келеді

996
бағдарлама қатысушыларының дені малшаруашылығымен айналысады

Кәсіп түбі – нәсіп. Қазығұрт ауданында жұмыссыз жүрген жандарға мемлекет тарапынан жәрдем беріліп жатыр. Аз қамтылған отбасылары мен жұмыссыз жандардың шағын несие алып, шаруасын дөңгелетіп отырған жайы бар.

бағдарлама қатысушыларының дені малшаруашылығымен айналысады
Бағдарлама қатысушыларының дені малшаруашылығымен айналысады

Таңның атысы күннің батысы Баймахан ағаның жұбайымен мал жай жайғап жүргені. Мемлекеттік бағдарлама аясында несиеге қол жеткізіп, 100 шақты уақ малды алдына салды. Мал дәрігері мамандығын игерген шаруа оның бабын жақсы біледі.

Ал жұбайы Құралай отағасына көмек қолын созып, отбасылық кіріске септігін тигізуде. Егде жасқа келсе де кәсіпкерлік мектебін білім алған ерлі-зайыпты нәпақасын мал шаруашылығынан тауып отыр.

Қазығұрт ауданында биылғы жылы осы бағдарлама аясында 80-нен аса азамат несие рәсімдеген. Кәсіпке ден қойғандарды арасында егде жастағылардың қарасы басым дейді жауаптылар.

Қазығұрт ауданында мал шаруашылығы ілгері дамыған. Мал баптап, жан бағып отырғандарға мемлекеттен қолдау зор. Ауданда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында несие алғандардың арасында несібесін ата кәсіптен іздегендер басым.