Үнді жәрмеңкесіне келіңіз!

410

Үлбірек орамалдар, сари, оюлы жиһаз, үнді шайының түр-түрі Шымкентте сатылып жатыр. Бұған дейін фильмдерден ғана көретін әшекей бұйымдар мен бедерленген ыдыс-аяқтарды енді сатып та ала аласыз. Шымкентте кезекті рет үнді тауарларының жәрмеңкесі басталды.

ярмарока

Үнді мәдениетінің ажырамас бөлігі – иірімді би мен әуезді ән көрменің көркін қыздырды. Жерлестеріміз «мехенди» өнеріне де тәнті болды. Сәнқой арулар үнді шеберлеріне тапсырыспен түрлі кестелі бейнелер жасатты.

Әлемге шайымен танылған үнділер бұл көрмеде де оның түр-түрін ұсынды. Қоспасыз үнді шайына қарқ болған жерлестер қыз-қыз сауда жасасты.

Көздің жауын алар әшекей бұйымдардың кең таңдауы осында. Хош иістер мен косметикалық бұйымдарды да қыз-келіншектер жан-жақтан қаумалауда. Алыстан көз тартатын қызылды-жасылды сарилер, үлбірек орамалдар таза табиғи маталардан тігілген. Терілер мен ішіктерге сұраныс зор.

Түрлі оюлармен бедерленген сандықшалар, үйіңіздің сәнін келтірер жихаздар да қолжетімді бағада сатылуда. Айтқандай, жаңа жылдық сыйлықтардың сан түрі де осында. Үнді тауарларының сатылым-көрмесі әдеттегідей «Әл Фараби» сауда орталығында 5-ақпанға дейін жалғасады.