Шымкентте зергерлік бұйымдардың сауда-көрмесі ашылды

394
Зергерлік көрме-сауда

Қыз-келіншектерге құлаққағыс. «Әл-Фараби» сауда кешенінің зергерлік орталығында мерекелік сатылым-көрме басталды. Арғысы АҚШ пен Ресейдің, бергісі Түркияның қолдан жасалған әшекейлері қолжетімді бағада саудалануда. Ал әйгілі бренд бұйымдар кепілдік мерзімімен саудаға түсті.

Зергелік орталықЗергелік орталықта мотоцикл неге тұр деген ойда боларсыз. Бұл сыйлық қомақты сауда жасаған клиентке бұйырады. Гауһар таспен көмекерілген алқаға таңдау жасағысы келген Шахло Акрамова осындай олжадан хабардар болды. Мереке қарсаңында талдырмаш ару салпыншақ сырға алып, алтыннан алқа тақпақ.

«TAIRA Diamonds», «ROBERTO Bravo», «Магия золото». Енді мұндай әлемдік бренд бұйымдарды шетел аспай-ақ Шымкенттен де алуға болады. Қайталанбас үлгіде жасалған сәнді зергерлік бұйымдардың сан алуаны кез келген нәзік жанның көңілінен шығатын сыйлық болмақ. «Әл Фараби» сауда кешенінде орналасқан зергерлік орталықтан таңдаған бұйымды 15 пайыздан 60 пайыздық жеңілдікпен алатын сәт туып отыр.

Тосынсый мұнымен шектелмейді. Сатушылар брендттерге таңдау жасаған қыз-келіншектерге кепілдік мерзімін де нақтылап береді. Осы уақыт аралығында әшкейіңізді тазартып, жалтыратып алуыңызға болады. Бұйымдар бүлінген болса, қайта қалпына келтіріп береді. «Әл Фараби» сауда кешенінің зергерлік орталығындағы көрме-сатылым наурыз айының соңына дейін жалғасады.