Кәсіподақтар кеңесінің мұражайы ашылды

269

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіподақтар кеңесінің мұражайы ашылды. Салтанатты шараға осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты. Мұнда жиналған жәдігерлер өткен ғасырдың 30-жылдарында құрылған кәсіподақ жайлы сыр шертеді.

003

Фотосуреттер, хаттамалар, бұйымдар мен түрлі заттар өңірдегі мекемелерден тапсырылған. Кеңестік кезеңде дүркіреген кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін көтеру бағытында қазіргі аумақтық кәсіподақ бірлестігі еңбек етуде. Екі мыңнан астам бастауыш ұйымдары жайлы мәліметтер жаңадан ашылған мұражайда сақталады.