Үйіндегі газ құбыры жарылып, соның салдарынан зардап шеккен әйел қаза тапты. Науқас ауруханада көз жұмған. Денесі күйіп, жарақат алған 51 жастағы әйел дәрігерлердің бақылауында 19 күн бойы жатты. Өкінішке орай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Еске сала кетейік, бұл жарылыс 2-желтоқсан күні Шымкеттегі 178-орамда орын алған еді. Қираған үйдің астында 51 жастағы кісі мен оның 10 жасар қызы зардап шеккен. Осы қайғылы жағдайды тексерген арнайы комиссия мүшелері жарылысқа үй иелерінің өздері кінәлі деп мәлімдеді.