Шымкенттегі Абай аудандық сотында Көкбұлақ ауылы маңындағы теміржолда болған ірі апатқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Пойыздың апатқа ұшырауына жол берді деп, 5 адам айыпталып отыр.
Олар — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарастына қарасты «Шымкент жол дистанциясы» филиалының директоры, бас инженері, учаске бастығы, жол бригадирі және жол шебері.
Жеті айдан астам жүргізілген тергеу нәтижесінде бас көлік прокуратурасының өкілдері «Вагондардың жолдан шығып кетуіне рельстің техникалық ақауы бірден бір себеп. Шойын жолдың байланысы дұрыс болмағаны, ақау дер кезінде анықталмаған» деген қорытындыға келген. Алайда айыпталушылардың қорғаушысы мұнымен келіспейді. Тергеу біржақты жүрді дейді ол.
Айта кетейік, оқыс оқиға үстіміздегі жылдың 5-мамырында болған еді. Шу стансасынан Арыс қаласын бекте алған 58 тіркемесі бар отарба кенеттен рельстен шығып кеткен. Шудан Арысқа бет алған жүк пойызының аударылып кеткен 29 вагонының 8-не күкірт қышқылы, 17-сіне құрлыс материалдары артылған екен. Екі контейнер, 1 вагон бидай, тағы біріне тәтті сусындар тиелген. Апат салдарынан 150 метр теміржол зақымданған, 4 тірек байланыс желісі үзілген еді.