Оңтүстікте қызылша екпесін салдырған бір жасөспірім көз жұмды

270

Облысымызда қызылшаға қарсы екпе салдырған жасөспірімдердің бірі көз жұмды. Денесі құрысып, есінен танған тағы бірі бала ауруханаға жатқызылды. Аталмыш вакцинадан кейін өзін нашар сезініп, дәрігерге шағымданғандардың жалпы саны бесеуге жетті. Бұл жайында  ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне қарасты медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Өтепбергенқызы мәлімдеді.

vakc

Астанадан келген маманның мәліметіне сүйенсек, көз жұмған науқас – Шымкент қаласының (бұрынғы Сайрам ауданы) 15 жасар тұрғыны. Зерттеу нәтижелері оның ми құртымен ауырғанын анықтады. Алайда мұны дәрігерлер түгілі қыздың ата-анасы да білмеген. Қазір Астанадан келген арнайы топ өңіріміздегі жағдайды бақылау үшін өз жұмысын бастап та кетті. Нәтижесін екі-үш күнде хабарлаймыз дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=V8rAB3SSfqk[/youtube]

Мамандардың таратқан мәліметі бойынша, қызылшаға қарсы екпе облыстағы  185000 жасөспірімге салыну керек еді. Алайда Тараз, Теміртау мен Жаңаөзендегі жағдайдан соң апта барысында еліміздің бас санитар дәрігері вакцина салуды уақытша 2 наурызға дейін тоқтатқан болатын. Айта кетейік, осы аралықта облыс бойынша 16 жас пен 19 жас аралығындағы 97 461 жасөспірімге вакцина егіліп үлгеріпті.