Úı Jańalyqtar Сайрам ауданында кабель шығарылады

Сайрам ауданында кабель шығарылады

Сайрам ауданында жұмыс істейтін кабель зауыты бүгінде 40 шақты жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Мұнда күн сайын алюминийден және мыстан жүздеген шақырым кабельдік-желілік өнімдер шығарылады. Тауар түрлері жүзден асады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GpiyjtYVeR8[/youtube]

Сымдар тартылып, қысымның көмегімен 2 мм-ге дейін жұқарады. Өңделген орамдар цехқа жөнелтіледі. Мұнда кабельдер клиенттің тапсырысына қарай өңделіп, арнайы орамамен қапталады.

Дайын кабельдердің бір метрі 35 теңгеден сатылады. Қазір кәсіпорын жылына 8 миллион шақырым дайын өнім түрлерін шығаруда. Алдағы уақытта қосымша желілерді өндіріп, қуаттылығын екі есеге арттырмақ.