Шымкент автобустарында терминал пайда болды

362

Шымкенттегі жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге терминал орнатыла басталды. Бұл жаңалық, әсіресе, жолаушылар үшін пайдалы болатыны сөзсіз. Енді бұдан былай жолаушылар автобуста да коммуналдық төлемдерді төлеп, ұялы телефон байланысын толтыра алады. Бұл уақыты тығыз адамдар үшін тиімді дейді мамандар.

004

Әзірге терминал «МАН Оңтүстік» компаниясының автобусында орнатылды. Ол жеке азаматтың бастамасымен іске асқан. Бұл жаңашылдық жолаушылар мен басшылардан қолдау тауып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rfq673yz1wc[/youtube]

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолы бөліміндегілер қондырғы жүргізушінің қызметіне кедергі келтірмей, жолаушы үшін тиімді болса, болғаны дейді.