Шымкентте өткен флэшмоб (фото, видео)

480

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына орай синхронды акция өтті. 2015 жыл Елбасының жарлығымен Ассамблея жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұл жыл ұлттар мен ұлыстардың басын біріктірген «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру, «Нұрлы жол – болашақ жолы» жаңару жылы ретінде жариялануы болып табылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3uVcbM1Pprw[/youtube]

004

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында өткен мерекелік шара Қазақстанның көк туын желбіреткен оңтүстікқазақстандық спортшылар Ассамблея жылының туын көтеру рәсімімен бастау алды. Сонымен қатар «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флеш-моб өтті.

003

Ұлыстың ұйытқысы болып отырған Оңтүстікте бүгінде жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың тілі мен дәстүрін дәріптеуге бағытталған жиырма этно-мәдени орталықтары жұмыс істейді.

002

«Түркістан» сарайында жалғасын тапқан салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау сөзін оқыды. Жиынға облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасының даңқты спортшылары, мемлекеттік органдар мен облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

005

006

007

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі