Облыстық клиникалық ауруханаға бүгін өңіріміздің аудан-қалаларынан дәрігерлер жиналды. Терапевт, гастроэнтеролог, инфекционист, сондай-ақ, ультрадыбыстық зерттеу бөлімінде жұмыс жасайтын мамандар «Бауырдың түрлі аурулары бойынша ультрадыбыстық диагностика» тақырыбындағы шеберлік сабағына қатысуда.
Дәрісті Украинаның білікті маманы Дынник Олег Борисович жүргізуде. Шеберлік сабағы бұған дейін Алматы мен Астанада өткен.
Бұл шеберлік сабақтарының Қазақстанда аталған қалаларда және Шымкентте өтуі тегін емес. Өйткені статистика бойынша осы облыстарда бауыры ауратын науқастардың саны артқан.