Қайнарбұлақтағы жолға бағдаршам қойылады

711

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындарын жол мәселесі қатты мазалайды. Халық тар жол тығырыққа тіреді деп отыр. Онда жол белгілері де орнатылмаған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jrGvnumL8R4[/youtube]

Әсіресе, мектепке баратын балдырғандар жолдан өте алмай қиналады. Ал былтыр бірінші сынып оқушысын көлік қағып, өмірін қиған еді. Одан да сабақ алмаған жауаптылар жол белгілерін қоюды мүлдем ұмыт қалдырды дейді тұрғындар.

003

Қайғылы оқиға қыркүйек айында болды. Естеріңізде болса, 6 жасар бүлдіршін жүк көлігінің астында қалып, қаза тапқан еді. Осы келеңсіздіктен кейін мектеп алдына жаяу жүргінші жолағы мен жасанды кедергі де қойылды. Алайда тұрғындар көлік көп жүретін көшеге бағдаршам орнатуды талап етіп отыр.

004

Мектеп ұстаздары бұл ұсыныстарын айтып, әкімшілікке бірнеше хат жолдаған. Ал тұрғындар есеп беруге келген әкімдердің алдында өзекті мәселелерін көтеріп-ақ келеді. Осыны ескерсе керек, қала басшылары жолды кеңейтпек ниетте. Ол үшін қажетті қаражат та қарастырыпты.

Бұл тасжол облыстық маңызы бар жолдың қатарына кіреді. Сол себепті мамандар оны жөндеу жұмыстарын тез арада бастауды жоспарлап отыр.