Қарабұлақта 20-ға жуық шақты отбасы далада қалуы мүмкін

379

Сайрам ауданы Қарабұлақ елдімекеніндегі жиырма шақты отбасы далада қалуы мүмкін. Осыдан үш жыл бұрын мемлекеттеттік актімен берілген олардың жер телімдері заңсыз деп танылып отыр. Мүліктерінің заңдылығын растайтын құжаттарға сүйенген тұрғындар бұл жерлерге баспаналарын салып, қоныстананып алған. Соған қарамастан сот шешіміне сүйенген құзырлы орган өкілдері халықтан жерді босатып беруін талап етіп отыр.

vlcsnap-2015-03-19-17h48m26s216

Жер дауымен бетпе-бет келген бір қауым елден бүгінде маза қашқан. Баспаналарын әрең бітіріп, жаңа қонысқа енді ғана жайғаса бергенде тұрғындардың мүлкі мемлекетке қайтарылмақ. Ашынған халық, тым болмаса, құрылыс басталмай тұрып ескерту жасалғанда шығындалмас па едік дейді.

Мұндағы электр бағаналарын тұрғындар өз қаражатымен тұрғызған. Олардың өтінішімен мұнда газ жүйелері қаралып, су құбырлары да жүргізіліп қойған. Халық тұрғын үй үшін белгіленген салықты да төлеп келдік дейді.

Захиджан Мұсаметов былтыр несие алып, бес бөлмелі баспанасын тұрғызған. Жерінің заңдылығын растайтын құжатқа сүйенген ол құрылысқа алаңсыз кіріскен. Енді үйі жартылай біткен тұста сүрілгелі тұр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QLiCpVuKiC4[/youtube]

Өткен жылдың маусым айында прокуратура тексерулерінің қорытындысы бойынша 23 жер телімі заңсыз деп танылған. Кезінде өндірістік кооперативке тиесілі суармалы, 3 гектарға жуық жер меншік иесінің қайтыс болуына байланысты мемлекетке қайтарылған.

Сөйтіп 2011 жылы Қарабұлақ ауылдық әкімдігінің лауазымды тұлғалалары марқұм болған меншік иесінің мұрагерлерімен келісіп, жерді кезектегі тұрғындарға заңсыз үлестіріп берген. Қазір заңды белді басқан тұлғалар жауапкершілікке тартылған.

Үлестірілген жер телімдерінің тең жартысына бүгінде баспаналар салынып қойылған. Енді тұрғындарға материалдық шығындардың да төлененер-төленбесі екіталай.