«Еламед» компаниясының көрме-сатылымы

401

«Еламед» компаниясы үйден шықпай-ақ айығуға көмектеседі. Медициналық мекеме «Үй дәрігері» сериалы физио емдеу аспаптарының сатылым-көрмесін көпшілікке ұсынып отыр. Ең бастысы, мың бір дертке дауа қондырғыларды 4 күн ішінде зауыттың бағасымен сатып алуға мүмкіндіктеріңіз бар.

IMG_8568

Надежда Волгушева «Еламедтің» физиоемдеу қондырғыларымен танысу үшін арнайы келген. Себебі туған әпкесінің күре тамырлары ісініп кетіпті. Тамырдың ісіну дертін емдеу үшін науқас қымбат бағалы түрлі дәрі-дәрмекті тұтыныпты. Бірақ, нәтиже жоқ, Енді «Еламед» ұсынған физиоемдеу аспаптарының көмегіне жүгінбек. Емделуші қондырғының 1001 дертке шипа екенін таныс достарынан естіп келген.

IMG_8571

Надежда Волгушева, қала тұрғыны: «Әпкем 10 жылдан бері варикоз дертімен ауырады, кей кездері аяқ басып жүре алмай қалады. Химиялық дәрілерді тұтынды, бірақ оның да зияны көп. Енді «Еламед» компанисының өнімдерінің көрмесі өтіп жатыр дегенді естіп, арнайы келіп отырмын. Мұнда тегін кеңес алдым, әпкем осы аспаппен ем қабылдайтын болды. Ең бастысы, мұны үйде қолдануға болады екен.»

IMG_8568

Бүгінде көпшілік «Үй дәрігері» деп атап кеткен физиоемдеу аспаптарын үйде қолданудың жалғыз талабы бар. Ол – арнайы маманның кеңесін алу. Көрмеде көпшіліктің үлкен сұрнасына ие қондырғылар таныстырылып отыр. Олар – Диамаг, Унилор, Стимэл, Магофон, Теплон, және Алмаг-02. Диамаг – бұл ұйқы қашқанда ғана емес бас ауруларын, инсульттан кейінгі кезеңді де емдеп жазады. Ағзадағы қан айналымды реттейді. Ал Алмаг-02 қондырғысы 79 түрлі дертке шипа.

IMG_8570

Наталья Коробейникова, «Еламед» компаниясының өкілі: «Біздің компания жаңа медициналық қондырғыларды әрдайым науқастарға дер кезінде жеткізеді. Көрмеде «Алмаг-1″ өнімі де қойылды. Ол остеохондроз, бүйректегі тас, варикоз, демікпе ауруларына ем. Жүйке жүйесі ауруының да алдын алады. Асқынған қант диабетін де емдеп жазады. Ас қорыту жүйесін де реттейді. Бас-аяғы 49 дертке шипа. Ал Мавит аппараттары жарақат, буын, тыныс алу жүйелерінің ауруларын емдейді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Fhge0YbLM9Y[/youtube]

Айта кетейік, «Үй дәрігері» сериасындағы физиоемдеу қондырғыларының көрме-сатылымы Шымкентте 17-20 наруыз күндері аралығында өтеді. Мекенжайы: Республика даңғылы, «Медтехника» дүкені.