«Көктем 2015» республикалық оқу-жаттығуы өтті

409

Азаматтық қорғаныстың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ, басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өтіп жатқан «Көктем 2015» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Шымкент қаласында практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TKxGQOUhNfY[/youtube]

Алдымен шартты түрде «Нұрсәт» шағынауданы маңында орналасқан диаметрі 530 мм газ құбырында жарылыс орын алды. Нәтижесінде қаланың 1000 абоненті көгілдір отынсыз қалды. Жарылыс құбыр өткен жерде рұқсатсыз қазба жұмыстарын жүргізу салдарынан орын алып, одан 1 адам зардап шегеді.

012

Оқиға орнына қаланың барлық авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылады. Зардап шеккен азаматты облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты жедел құтқару жасағының құтқарушылары қауіпсіз жерге шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырады.

013

Жарылыс салдарынан тұтанған өртті шұғыл жеткен өрт сөндірушілер ауыздықтап, қауіптің бетін қайтарады. Одан соң газ саласының жөндеу-қалпына келтіру бригадасы құбырдың зақымданған бөлігін ауыстыру жұмыстарына кірісті.

014

Түс ауа Шымкент қаласы арқылы өтетін Қосдиірмен өзенінің суы қатты жауған жаңбырдың салдарынан арнасына сыймай, жақын орналасқан елдімекенге қауіп тудырды. Қауіптің бетін қайтаруға қаланың барлық авариялық-құтқару қызметтері жұмылдырылды.

016

Өрт сөндіру қызметінің өкілдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізді.

015

017

Осы арада ТЖД құтқарушылары тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірумен айналысты. Аталған тұрғындардың ішіндегі бір азаматқа шұғыл медициналық, тағы бір азаматқа психолог-құтқарушының көмегі көрсетілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IAozP5ubgxw[/youtube]

Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары барысында облыстық ішкі істер департаментінің полицелері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етті. Жалпы, шартты түрде орын алған төтенше жағдайды жою жұмыстарына 175 адам мен 25 дана техника жұмылдырылды.

Дереккөз және фото: ОҚО ТЖД баспасөз қызметі