Мерекелік жобамызға көрермен де қатысты

544

«Отырарға» Наурыз келді. Биыл да телеарна ұжымы өз көремендерін жаңа жобамен қуантады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yBc-FqHDpMM[/youtube]

Наурыз – отбасынан басталады. Осындай ұстанымға берік болған жоба кейіпкерлері әдеттегідей қызықты оқиғаларға тап болады. Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, жобада мереке алдындағы қызу дайындық бейнеленеді.

Наурызбаевтар отбасының жазылмаған заңы бар. Өз дәстүрі бар. Яғни, әр мерекені дүрілдетіп атап өтуді әдетке айналдырған. Ол үшін отбасы мүшелеріне жауапкершілік жүктелген. Отанасы Алтын әжейдің рөлін «Отырар» телеарнасының тұрақты көрермені сомдайды.

Ал үш сағаттың ішінде мерекелік дастархан мәзірін дайындау Солтүстіктің қызы, Оңтүстіктің келіні – Әлияға жүктеледі. Жас келін міндетін қалай атқарады, оған кім көмекке келеді? Ол жағы әзірге құпия.

Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, мереке алдындағы қызу дайындықты жоба кейіпкерлері керемет әлі күлкілі етіп сомдауға тырысады.

Жобаның толық нұсқасын 22 наурыз күні көре аласыздар. Ал демеушілеріміз – «ЭнергоПоток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сафура» әсемдік салоны, «Мадлен» кондитерлік желісі, «Айна базар» акционерлік қоғамы, «Jenavi» зергелік дүкендер желісі.