Жүйкесі бұзылған адам кісі өлтірді

328
Фото: //deita.ru

Оңтүстікте кезекті рет жүйке жүйесі бұзылған адам қылмыс жасады. 17 қаңтар күні Ақсукентте жергілікті тұрғын өзі қонаққа келген қарт кісіні өлтіріп салды. Екеуі бірге спирттік ішімдік ішкен соң туындаған жанжал кезінде 33 жастағы айыпталушы 80 жастағы қарияны шәйнекпен өлімші етіп соққыға жығады.

Бұдан кейін күдіктіні полиция қызметкерлері қамауға алады. Дегенмен, психиатриялық сараптама нәтижесінде айыпталушының жүйке жүйесі ауруына шалдыққаны анықталды. Осыған байланысты күдікті жүйке жүйесі ауруханасына бақылаумен жатқызылды.