Көктемгі егіс жұмыстары қайта басталды

275
Фото: //privetsochi.ru

Өңірімізде ауа райы қайта жылынған соң егіс науқаны қайта жалғасты. Биыл өңірімізде жалпы егіске 806 мың гектар жер бөлінген. Ал бұл – өткен жылға қарағанда 30 мың гектарға кең.

Фото: //privetsochi.ru
Фото: //privetsochi.ru

Наурыздың соңында ауа райының күрт бұзылып, қар жаууы салдарынан дихандар дала жұмыстарын тоқтатуға тура келген. Енді алқап құрғап болғандықтан, техникалар үзіліссіз жұмыс істеуде.

Биыл шаруалардың көбісі жем-шөп дақылдарын өсіреміз деп отыр. Ал мақта алқабының көлемі аз. Сонымен қатар көкөніс, жеміс бақшаларына биыл ерекше назар аударылады дейді сала мамандары.