Мәртөбе алабының тұрғындары бүгін билікке өз шағымдарын жеткізу үшін жиналды. Олар Шымкент қаласынан шығатын қоқыстың 30 пайызы тасталатын полигон жабылса дейді. Ауыл маңындағы қалдықтардың иісі қолқаны қабады және христиан қорымына тым жақын дейді тұрғындар.

007

Қоқыстың кесірінен балаларының ауырып жатқанын да айтты олар. Мәселе шешілмесе аудан прокуратурасына шағымдануға бекініп отыр ауылдықтар. Бүгін жиналған тұрғындармен кездескен «Таза қала» мекемесінің директоры мәселені жан-жақты зерделеп, тиісті шешім қабылдайтынын жеткізді. Ал таңсәріден осында келетін қоқыс тиелген көліктер полигонға кіргізілмей кері қайтарылды.

[youtube]https://youtu.be/i_8k6Aah38g[/youtube]