Мас жүргізуші әйел жол апатына ұшырады

317

Оңтүстікте мас күйінде көлік басқарған әйел жол апатына себепкер болды. Бұл оқиға түн ішінде Леңгір-Шымкент бағытындағы тасжолдың үстінде болған. Осы жайында суыт хабар полицейлерге сағат 21:30-да түседі.

003

 

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жолдың үстінде екі көліктің соғысқанын анықтады. Қара түсті көлікті басқарып отырған 40 жастағы Шымкент тұрғыны жолдың қарсы бағытына шығып, ақ түсті көлікті соққан. Содан кейін жолдың шетіндегі қоршауды бұзады.

004

 

Бұл оқиғадан қара көліктің рөліндегі әйелдің өзі жарақат алды. Оған оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, ары қарай аурухананың токсикология бөліміне алып кетті.

Себебі, әйел — мас. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ол сол күні күйеуімен ұрысып қалып, үйінен шығып кеткен екен. Сөйтіп, ашуын арақтан алмақ болыпты. Қазіргі таңда біршама сараптамалар тағайындалған дейді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Қазіргі таңда осы жол апатына қатысты көлікті мас халде басқару фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Егер мас әйелдің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін.