Оңтүстік Қазақстанда жеңімпаздар форумы өтті

350

Шымкенттегі Наурыз алаңында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың айқын басымдықпен жеңіске жетуіне орай жеңімпаздар форумы өтті. Аталған шараның Наурыз алаңында өтуінің өзіндік себебі де бар. Осыдан бір ай бұрын Елбасының сайлауалды үгіт-насихат науқаны дәл осы алаңда бастау алған болатын.

001

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zxXU_1MPcrE[/youtube]

Форумға қатысқан он мыңнан астам тұрғын тікелей эфирден Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен іс-шараны тамашалады. Онда Елбасы өзіне сенім артқан жақтастары мен халқына шексіз алғысын білдірді.

002

-Халықтың таң атпастан, кезекке тұрып, бала-шағасымен келіп, дауыс бергісі келген ынтасын көрдім. Ол – зор сенім. Мұндай әр мемлекетте бола бермейді. Қазақстан өзінің сенімін, болашаққа деген бірлігін, Отанына деген, Мәңгілік ел құратын күш-қуатын көрсетті. Біз дүниежүзінің алдында тағы да бір рет өзіміздің демократиялық тұғырымызды, біздің сайлаудағы саяси мәдениетімізді көрсеттік ‒ деді мемлекет басшысы.

004

Наурыз алаңындағы мерекелік шараға облыс басшылығы мен мемлекет, қоғам, өнер және спорт қайраткерлері, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері мен зиялы қауым өкілдері және Президент сайлауындағы Елбасының сенімді өкілдері мен облыс тұрғындары қатысты. Форумда сөз алған облыс әкімі А.Мырзахметов жиналған тұрғындарды тарихи жеңіспен құттықтап, облыстан 1 миллион 200 мыңнан астам азаматтың саяси науқанға қатысқанына ерекше тоқталды.

003

‒ Ең бастысы – оңтүстікқазақстандықтар атқарылған, атқарылып жатқан жұмысқа әділ баға беретіндерін көрсетті. Елбасының елдің алдына қойып отырған ұлы мақсаттары орындала берсін! Қазақстан халқымен бірге Оңтүстік Қазақстан тұрғындары да Ұлт көшбасшысының қойып отырған ұлы мақсаттарды орындауда аянбай еңбек ететініне біз сенімдіміз! Жеңісіміз де жемісімізде көп болсын! ‒ деді өңір басшысы.

005

Салтанатты шарада облыстағы өнерпаздар қауымы патриоттық әндерді шырқап, Халықтар достығына арналған сазды хореографикалық композиция қойылды, соңынан Е.Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі