Оңтүстік халқы сайлауға толығымен дерлік қатысты

430

Оңтүстікқазақстандықтар сайлауға белесене қатысқан. Дауыс беруге құқы бар 1 млн 259 мың 401 адамның 97,78 пайызы өз таңдауын жасаған. Өңірде 1029 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Дауыс берушілер бір сәтте те толастамады дейді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. Оның айтуынша, күнгейліктердің басым бөлігі, яғни, 98,40 пайызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдаған.

Тұрғын Сыздықовқа 12 мыңға жуық оңтүстікқазақстандық дауыс берген, оны пайызға шақсақ – 1,02. Ал Әбілғазы Құсайыновқа 7 мыңнан аса жерлесіміз дауыс беріпті.

Әмирдин Әлішев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары: «Облысқа қарасты аудан-қалалардың да тұрғындары белсенділік танытты. Көрсеткіштері көңіл қуантады. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 98%-ы сайлауға қатысқан.»