Облыстық театр фестивалінің жеңімпаздары анықталды

441

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Театр көктемі – 2015» фестивалі аяқталды. Сайысқа қатысқан өңірдегі кәсіби театрлар іс-шара қорытындысы бойынша мынадай аталымдармен марапатталды:

– «Ең үздік қойылым» номинациясы – облыстық әзіл-сықақ және сатира театры сахналаған Ж.Аймауытовтың «Сылаң қыз» комедиясы (автокөлік);

– «Жанр табиғатын көркемдікпен меңгергені үшін» номинациясы – облыстық орыс драма театры сахналаған Т.Ахтановтың «Ант» тарихи драмасы (750 мың теңге);

– «Актерлік ансамбльдік тұтастық» номинациясы – облыстық өзбек драма театры сахналаған Б.Есеналиевтың «М.Х.Дулати» тарихи драмасы (500 мың теңге);

– «Кейіпкерлер бейнесін шынайы кескіндегені үшін» номинациясы – Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры сахналаған Д.Исабековтың «Тыныштық күзетшісі» психологиялық драмасы (300 мың теңге);

– «Көркемдік келбеті» номинациясы – облыстық қуыршақ театры сахналаған М.Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылымы (300 мың теңге);

– «Қойылым табиғатындағы шынайылық» номинациясы – облыстық опера және балет театры сахналаған Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы (300 мың теңге);

– «Тақырыпты кең қамтығаны үшін» номинациясы – Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры сахналаған М.Байғұт пен Ш.Орынбайдың «Төле би» тарихи драмасы (200 мың теңге);

– «Көрермен көзайымы» номинациясымен Түркістан қаласының сазды драма театры сахналаған Ә.Нұршайықов, А.Сапышевтың «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымы (200 мың теңге) марапатталды.

Сондай-ақ, «Ең үздік ер адам ролі» номинациясында облыстық опера және балет театрының солисі М.Оразметов, «Ең үздік әйел ролі» номинациясында Түркістан қаласы сазды драма театрының әртісі Ә.Қожабекова, «Ең үздік сценограф» номинациясында Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының директоры Қ.Жұмақұлов, ал «Ең үздік музыкамен көркемдегені үшін» номинациясында аталған театрдағы музыка бөлімінің меңгерушісі Ж.Есимов марапатталды.

004

003

002

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі