«Отырар TV» телеарнасы – iD TV сандық желісінде!

356

Сүйінші хабар! «Отырар TV» телеарнасы iD TV сандық желісінде тарала* бастады.

Енді сүйікті телеарнаңызды iD TV сандық желісіндегі «Оңтүстік» топтамасынан таба аласыз. Бұған Оңтүстік Қазақстан облысының кез келген нүктесіндегі тұрғындар қол жеткізе* алады. Ол үшін инфографикамен танысыңыз.

otyrartv-on-id-tv

Айта кету керек, сандық желідегі телеарналар таралатын аумағына қарай тиісті топтамаларға бөлінген. Мысалы, «Оңтүстік» топтамасының ішінде «Отырар TV» телеарнасынан бөлек «Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-Тараз», «Қазақстан-Қызылорда» телеарналары бар.

Тиісінше «Батыс» топтамасында – «Қазақстан-Ақтөбе», «Қазақстан-Ақтау», «Қазақстан-Орал», «Қазақстан-Атырау»; «Шығыс» топтамасында – «Қазақстан-Өскемен», «Қазақстан-Павлодар» және «Жетысу»; ал «Солтүстiк» топтамасында «Қазақстан-Петропавл», «Қазақстан-Көкшетау», «Қазақстан-Қостанай» және «Қазақстан-Қарағанды» телеарналары көрсетіледі.

Осы айтылған аймақтық топтамаларды «iD TV» қызметін пайдаланушылар STB приставкасының көмегімен өздері тегін қоса алады.

* — «Қазақтелеком» АҚ техникалық мүмкіндігі болған жағдайда