Әріптесіміз Мөлдір Бекеева Министрдің алғыс хатын алды

1269

БАҚ өкілдеріне деген мерекелік марапат жалғасып жатыр. «Отырар TV» телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Мөлдір Бекеева құрметке бөленді. Дәлірегі, білім саласының бүгінгі биігі – саладағы жетістіктер мен келелі мәселелерді жиі қаузап, көрерменге ұсынып жүрген Мөлдір Бауыржанқызының еселі еңбегі ескерусіз қалған жоқ.

Әріптесімізді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев төл мерекесімен құттықтап, алғыс хатын тапсырды. Құрмет қағазында кәсіби мейрамдағы риясыз тілектерімен қатар, журналистикадағы жауапкершіліктің жүгіне де үлкен түсіністікпен қарайтынын білдіріпті.Мөлдір Бекеева, «Отырар TV» ТА тілшісі: «Еңбегімнің еленіп, осылай шынайы құрмет көрсетіп жатқанына қуанамын! Мен білім саласындағы қайбір қуанышты ақпарат пен өзекті мәселелерді үнемі бақылап, қоғаммен санасып,  тиісті мамандармен сұхбаттаса отырып, көрерменге ақпаратты ұсынамын! Білім мен ғылым – өте ауқымды әрі күрделі сала. Қазақстанның қазіргі және ертеңгі күнін сеніммен елестету де – білімді толқынның қолында. Сондықтан, аталған саланың салмағы, жауапкершілігінің жүгі ауыр екенін біле тұра, БАҚ өкілі ретінде мұны түсініп, ондағы орын алған кейбір жағдайға бей-жай қарай алмаймыз».

Айназ Бейімбет