«Тұмар»: «Отырар TV» «Үздік аумақтық телеарна» номинациясына ілікті

224

«Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы – отандық телеарналар мен БАҚ арасында ұйымдастырылатын дәстүрлі жоба.

Телевизия саласындағы үздіктерді анықтайтын сайыс «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» секілді номинацияларды қамтиды. Сонымен…

https://www.youtube.com/watch?time_continue=70&v=Z7QG2WAxODA&feature=emb_logo

«Үздік аумақтық телеарна-2020» номинациясы бойынша жеңімпаздардың тізімі анықталды:  

1.  «Алау-ТВ» телеарнасы

2.  «Отырар TV» телеарнасы

3. «Алматы» телеарнасы

4.  «SARYARQA» (РТРК «Қазақстан») телеарнасы

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жүлдегерлері 13-наурыз күні салнатанатты шарада марапатталатын болады.