Сайлаушылар отбасымен бірге дауыс берді

Сайлау күні дауыс беруге асыққан халық № 90 сайлау учаскесінде де көп болды. Тіркелген 1416 тұрғынның түске жетпей жартысынан астамы өз таңдауын жасап үлгеріпті. 45 азамат түрлі жағдайларына байланысты үйінде дауыс берген. Алты азамат өзге елде болғандықтан тіркеуден шығарылыпты.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан белсенділік танытқандар көп. Саяси науқаннан қалыс қалмай, таңдауын жасауға келгендердің қатарында «Отырар» теларнасының қызметкерлері де бар. Арнамыздың техникалық бөліміне жауапты Руслан Балабаков отбасымен бірге таңертең ерте сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Балабековтер жанұясының отағасы Лашын Балабеков бірнеше рет ел Президентін сайлауға қатысқан. Сондықтан сайлауға қытысып, ел өмірінде маңызды оқиғада шешім қабылдап, үлес қосу міндетім деп біледі.