Шетелде опат болған боздақтарға ескерткіш ашылды

578

Ер есімі – ел есінде! Бүгін Шымкенттегі Абай саябағындағы Даңқ аллеясында тәжік-ауған шекарасында орын алған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерге арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

000

Айта өтейік, бұл қанды оқиға 1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасында орын алған. Пешавар шатқалындағы шайқас 4 сағатқа созылды. 17 сарбаз моджахеттер қолынан қаза болды. Осылайша бұл күн ішкі әскерлер тарихында жауынгерлік із қалдырған ерліктің күні болып саналады.

Бүгін ашылған мәрмар тастан жасалған ескерткішке ерлік жасап, қайтыс болған қазақстандық жауынгерлердің есімдері қашалып жазылған және сол ұрысты бейнелейтін ұрыстың көрінісі суреттелген. Салтанатты шараға қаза тапқан сарбаздардың туыстары, әскер ардагерлері, және осы шекарадағы қақтығысқа қатысушылары келді.

1995 жылдың 7 сәуірі күні Ауғанстанмен шектесетін ең қауіпті және қиын учаскені күзететін Қазақ жігіттері есірткі мен қару-жарақ тасыған содырлармен аянбай арпалысты. Атыста 17 сарбазымыз опат болды. Сол ұрыста 7-ротадағы 96 сарбаздың 33-і жарақат алды

Тәжік-ауған шекарасын қару-жарақ пен есірткі дәлізіне айналдырмақ болған жауға – моджахедтерге қарсы ұрыста болған қазақ батальоны жауынгерлерінің бірі – Қайратбек Сатпаев. Бес жарым сағат ұрыс барысында ол екі рет ауыр жарақат алған. Сонда жасы небәрі 24-те болатын.

Қаза тапқан сарбаз Ержан Әбдиевтің әкесі Серік те бүгінгі шараға келді. Тәжіка-ауған шекарасына сол кезде әскери борышын өтеуге оның қос ұлы аттанған екен. Үлкені Берік інісінің соңғы сапарға кетіп бара жатқанын білмеген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XiK5YcikpGg[/youtube]

Ашылған мәрмәр тастан жасалған ескерткішке ерлік жасап, қайтыс болған Қазақстан жауынгерлерінің есімдері қашалып жазылған. Сол күнде болған қайғылы оқиға қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылып және сол ұрыстың көрінісі суреттелген. Ескерткіштің авторы – сәулетші Асқар Әзімбаев.

Боздақтарды еске алу күніне арналған шарасы салтанатты жиынмен жалєасты. Ұлттық гвардия бөлімшелері мен құрамдарының барлығы қатысқан биылғы шара «Батырлар ерлігіне лайықпыз!» деген атаумен өткізілді.

Арнайы ұйымдастырылған жиында Ұлттық гвардия және 65/06 әскери бөлімінің басшылығы бүгінгі шараның маңыздылығы мен жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде нағыз ерлік көрсете білген сарбаздардың өмірлік жолы туралы деректер келтірілді. Бүгінде қазақстанның түкпір-түкпірінде Пешавар шатқалында қаза болған жауынгерлердің есімі көшелер мен гүлзарлар, мектептерге берілген.