Шымкентте 456 адам жұмыспен қамтылды

286

Бүгін қаламыздағы жұмыспен қамту орталығының басшылары көктемгі бос орындар жәрмеңкесін қорытындылады. Мекеме басшылығының сөзіне сенсек, шарапаты мол шара аясында 456 жерлесіміз жұмысқа орналасу үшін жолдама алыпты. Әзірге оның 285 тұрақты қызметке кіріссе, қалғандары 5 күндік іс-тәжірибеден өтіп жатыр.

Еске салайық, Шымкентте 18 сәуір күні жүздеген жұмыссыз, оның ішінде жастар өз мамандықтары бойынша бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан. Олар үшін 1300 бос орын ұсынылды. Бірақ жұмыспен қамту мекемесінің мамандарының айтуынша, іріктеу шарасынан үміткерлердің басым бөлігі өтпей қалған. Еңбек нарығына сай заңгер мен экономика саласын тәмамдаған түлектерге сұраныс жоқ болып тұр.

8053

Марат Әбілқайыров, Шымкент қалалық жұмыспен қамту ортылығы директорының міндетін ақтарушы: «Қазіргі уақытта қоғамда дәрігерлер тапшы, оның ішінде фармацевттер мен мейірбикелер. Бұған қоса техникалық қызметкерлер де үлкен сұранысқа ие. Мәселен, инженер, бұрғылаушы деген сияқты. Бұрғылаушы дегеннің өзінің көптеген түрлері бар, су, жер бұрғылаушысы, т.б.»