Жетісайда ұрлық жасаған үш Өзбекстан азаматшасы ұсталды

348
Фото: //freecity.lv

Жетісайда ірі көлемде ұрлықпен айналысқан деген күдікпен Өзбекстанның 3 азаматшасы ұсталды. Олар бір кәсіпкердің қолында үй қызметшісі болып жұмыс істеген.

Бір күні қожайындарының жоқ екенін пайдаланып, үйде сақталған ақшаны ұрлап кетеді. Сол күні-ақ, өз елдеріне өтіп кетпек болған.

Алайда кәсіпкер әйел ақшаның ұрланғанын және қызметшілерінің үйде жоқ екенін лезде байқап, полиция бөліміне хабарласқан. Жедел іздестірудің нәтижесінде бикештер шекарада қолға түсті. Тергеу барысында ұсталғандардың бірі ақшаны сәндік және әшекей заттарын сатып алу үшін ұрлағанын айтып, мойындады.