Өскелең ұрпақ Жеңістің бағасын біледі

018-022

Отан үшін отқа түскен ардагер аталарымыздың ерен ерліктері, тылдағы азаматтардың қажырлы еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
Осыған орай қаламыздағы №58 жалпы орта мектебінде де ақпан айынан бастап мектеп директоры Б.Алтаевтың тікелей басшылық жасауымен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бегімбетова, Г.Сариевалардың ұйымдастыруымен, тәлімгер Ш.Бағжай, А.Майлықараеваның қадағалауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай игі іс-шаралар өтілуде. Солардың бір парасы ретінде атап айтар болсам, 6 сыныптар арасында «Шекарасыз ән» сыныпаралық байқауы, 4 сыныптар бойынша «Жеңіс әндері біздің елімізде» атты патриоттық ән байқауы болып өтті. 3 сынып оқушылары «Тыл ардагерлері аналармен» кездесу өткізді. 5,7,8,9 сыныптар бойынша «Ұлы Отан соғысының батырлары», «Курск шайқасы», «Мәскеу үшін шайқас», «Белостокск-Минск шайқасы», «Ленинград үшін шайқас» атты мәнді де мағыналы ашық тәрбие сағаттары өтті. 10,11 сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу өткізуге қызу дайындық үстінде. Бұл аталған игілікті іс-шаралардың мақсаты-жас ұрпақты адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Ашық тәрбие сағаттарының жоғары деңгейде өтілуіне сынып жетекшілерінің үлкен күш жұмсағаны байқалады. Сондай-ақ мектеп кітапханашылары Р.Нұрмаханова, Ж.Нәлмішовалар бастауыш , орта буын оқушыларына дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Ата Заңым-айбыным» тақырыбында баяндама оқыды. Балдырғандар қызығушылық танытып, көп нәрсені ұғып, білгісі келетіндіктерін байқатты. Іс-шараларға белсене атсалысқан оқушылар түрлі марапаттарға ие болды.

018-023

Қала мектептері бойынша өтілген әдеби монтаж сайысында 10 сынып оқушылары Орман М., Манасбай Д., Ералы Н., Мүсілім Ө., Ыдырыс Е., Елтай Б., өз өнерлерін паш етті. Олар өз кезегінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә.Жандарбекованың жетекшілік етуімен майдангер ақын Қ.Аманжоловтың жыр жолдарын тебірене жатқа айтып берді. Еңбектері еленіп қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жеңіс мерекесіне орай ардагерлерімізге қандай сый –құрмет көрсетсек те орынды. Олар ертеңгі ұрпақтарының болашағын ойлап қорғап, жеңіс сыйлады. Осы бір тарихи кезеңді мәңгі есте сақтап, бабаларымыз аманат еткен жерді қорғау, тәуелсіз елімізді бұдан әрі дамыту, гүлдендіру-біздің парызымыз.

Әлима Жандарбекова,

№58 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі

«Оңтүстік Рабат», №18, 06.05.2015