Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты шеруге қатысқандар туған қалаларына оралды. Айта кетейік, 16 ардагер Астанада өткен мерекелік шараны тамашаласа, 6 қазаќстандық майдангермен бірге жерлесіміз Қаратай Төлепбеков Мәскеуде болып қайтты.

006

Оңтүстікқазақстандықтар Астанадан оралған ардагерлерді әскери окрестрдің әуенімен қарсы алды. Фотосуреттерін құшақтаған майдангерлердің жүзінде қуаныш. Өйткені Ұлы Жеңістің 70 жылдығын халықпен тойлау олар үшін – үлкен мәртебе. Осы күнге жеткеніне қарт жауынгерлер риза.

Қарт жауынгерлермен бірге болған әлеуметтік сала қызметкерлері Астанада өткен мерекелік шараларға оңтүстікқазақстандық ардагерлер түгел қатысқанын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gsFe2BH3MKE[/youtube]

Маманның мәлімдеуінше, Жеңістің 70 жылдығына орай Астанаға арнайы шақырылған 16 ардагерге «Самұрық қазына» ұлттық қоры 150 мың теңгенің сертификаты табыстады.

Шынар Оразова