Оңтүстікте қытайдың заңсыз келімсектері ұсталды

342

Оңтүстіктің тәртіп сақшылары «Келімсек – 2015» шұғыл-алдын алу іс-шарасы барысында Қытай халық республикасының 39 азаматын ұстады. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

3

Шекарадан заңсыз өткен қытайлықтар көші-қон полициясы басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстіктегі департаментінің қызметкерлері жүргізген рейд нәтижесінде ұсталды. Оның ішінде 9 әйел бар.

2

Тексеру кезінде келімсектердің көші-қон карточкалары, шекарадан өткені туралы мөртаңбаның жоқ екені анықталған. Осы факті бойынша қазір Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған материалдар аумақ бойынша Жамбыл облыстық ішкі істер департаментіне жіберілген.

Жалпы, «Келімсек – 2015» рейді басталғалы бергі үш күннің ішінде полицейлер еліміздің шекарасынан өтудің тәртібін бұзғаны үшін 829 келімсек пен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 127 Қазақстан азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Атап айтқанда ереже бұзған 357 адамға ескерту жасалса, 127 адам әкімшілік айыппұл төлейді. Ал 192 шетелдік қамауға алынған. Облыстық соттың үкімімен 83 келімсек елімізден тысқары шығарылып отыр

Еске сала кетейік, «Келімсек – 2015» рейді обылс аумағында 18-22 мамыр аралығында өтіп жатыр.