Заңды бұзған мемлекеттік қызметкерлердің ісі әшкере болды

279
Марат Керімқұлов

Мемлекеттік қызметкерлер арасында заңсыздыққа жол берушілер азаяр емес. Бұл аздай, мемлекеттік-әкімшілік қызметке өту үшін тапсыратын тестілеуді үміткердің орнына аудандық мәслихаттың маманы тапсырмақ болған. Осындай өрескел заңбұзушылықтар мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл агенттігінің облыстық тәртіптік кеңесінің отырысында қаралды.

Әбутәліп Мұстафаев
Әбутәліп Мұстафаев

Әбутәліп Мұстафаев, Абай ауданының прокуроры: «Сыбайлас жемқорлыққа жол берген мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылуы керек. Заң осылай деп шешеді».

Құқық қорғаушылардың мәселені ашына айтып, қатаң жаза талап етуінің себебі бар. Қызметтік тексеру кезінде Абай ауданды әкімдігінің мәдени-ағарту жұмысы бөлімінің басшысы Венера Пернеқұлова бір емес, бірнеше рет шетел асып, жұмыс орнында болмаған маманды қағаз жүзінде жұмыста болды көрсеткен. Оған қоса нұсқаушы-маман Бейімбет Атышевқа жалақы төленген.

Венера Пернеқұлова
Венера Пернеқұлова

Берік Бекжанов,  мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы: «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң талаптарын, ережелерін сақтай отырып ескерту жөніндегі жаза Абай ауданы әкімінің қарауына тапсырылсын».

Тәртіптік кеңестің отырысында мемлекеттік қызметкерлер қатарынан көрінгісі келгендердің әрекеті де қаралды.

– Іс-сапар куәлігі толтырылмаған маман қалаға өзге біреудің орнына тестілеу тапсыруға кеткен. Тестілеуді тапсыру үшін жаңағы келісілген азаматпен киімін ауыстырып жатқан кезде анықталып, екі азаматқа да хаттама толтырылып, тестілеу залынан шығарылды, – дейді аудан прокуроры.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3ub3unxuLKk[/youtube]

Бұл азаматтарға тәртіптік кеңестің мүшелері қандай шара көрілетінін ұзақ талқылады. Мемлекеттік-әкімшілік лауазымға орналасу үшін тапсыратын тестілеуді үміткердің орнына Қазығұрт аудандық мәслихатының есепші-маманы тапсырмақ болған. Бірақ Марат Керімқұловтың заңсыз әрекеті әшкере болды.

Марат Керімқұлов
Марат Керімқұлов

Марат Керімқұлов, Қазығұрт аудандық мәслихатының есепші-маманы: «Мен ешкімге көмек көрсеткен жоқпын, мен жеке куәлігіммен кіріп, өзімнің ЖСН нөмірімді теріп отырғанмын. Қобалжығанымнан болар, өзге сандарды теріп жіберіппін».

Берік Бекжанов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша департамент басшысы: «Мемлекеттік қызметкердің өзі осындай заң бұзышылыққа баратын болса, басқа адамдардан не сұраймыз?! Керімқұловқа қатаң сөгіс жарияаймыз. Осындай шешім қабылдап отырмыз».