Оңтүстікте оқу жылының соңында екі жаңа мектеп ашылды

701

Оңтүстік Қазақстанда екі білім нысанының құрылысы бітіп, соңғы қоңырау мерекелік шарасына орай пайдалануға берілді. Оның бірі – Төле би ауданы Достық елдімекеніндегі Ш.Уәлиханов атындағы №16 орта мектеп.

005

731 оқушы білім алатын бұл оқу орны лингафон және компьютер кабинеттерімен жабдықталып, оқу сыныптары интерактивті тақтамен қамтылған. Сондай-ақ, спорт залы мен кітапхана және асхана заман талабына сай қажетті жиһазбен жабдықталған.

003

Өткен жылы ауданда 3 мектеп пайдалануға берілсе, 6 мектеп күрделі жөндеуден, 61 мектеп ағымдағы жөндеуден өткен. Ал биыл 5 мектеп салынуда.

002

Мектептің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов барша оқушыларды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, жаңа білім ошағынан түлеп ұшқан 55 бітірушіге алдағы білім сынақтарында табыс тіледі.

Тағы бір жаңа мектеп Сайрам ауданындағы Машат ауылында ашылды. 200 орынды бұл мектептің құрылысы аудан бюджетінен қаржыландырылған. Мұндағы 190 оқушы екі ауысымда білім алады.

001

Мектеп заманауи оқу құралдарымен жабдықталып, балалалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

004
Биыл өңірімізде 101 білім нысаны салынуда. Бұл нысандардың 82-сі мектеп болса, 14-і – балабақша, қалған 5-і – мектеп жанындағы қосымша құрылыстар. Осы білім нысандарының 67-і биыл пайдалануға беріледі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі