Оңтүстікте жаңа қаржы орталығы салынады

251

Оңтүстік Қазақстанда жаңа қаржы орталығы салынады. Бұл туралы облыс әкімі А.Мырзахметов еліміздің өзге аймақтарынан Оңтүстікке арнайы келген облыстық, қалалық мәслихат хатшыларымен кездесу барысында айтты. Өңір басшысы биылдың еліміз үшін мерейлі даталарға толы екеніне ерекше тоқталып, облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша баяндады.

007

Асқар Исабекұлы соңғы бес жылда өңір экономикасының екі жарым есе өскенін айтып, индустрияландырудың алғашқы бес жылдығының қорытындысы бойынша облыста 137 жобаның іске асқанын, 11 аудан мен 4 қалада индустриалды аймақтардың бой түзегенін жеткізді.

Оңтүстікте жылыжай аумағы мың гектарға жеткен. Өңірде жылына орта есеппен 200 га жаңа жылыжай шаруашылығы іске қосылады. Осы және өзге де толымды істер жайы баяндалған жиында облыс басшысы Елбасының тапсырмасымен Шымкент қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың бой көтергенін айтты.

Жиын соңында мәслихат хатшылары сөз алып, Шымкент қаласының сәулеттік келбеті соңғы жылдары жақсы жағына қарай өзгергенін тілге тиек етіп, облыстық әкмдіктің жүйелі жұмысына өз алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар мәслихат хатшылары Түркістан қаласында өткен «Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламасын іске асырудағы Қазақстан мәслихаттары депутаттарының рөлі: Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалды реформалар» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі