Серік Тұрбеков — жер қатынастары басқармасының басшысы

1068

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Ордабекұлы Тұрбеков облыстық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

С.Тұрбеков 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1980 жылы Шымкент қаласындағы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған.

009

1981-1999 жылдары Шымкент қаласы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің кіші ғылыми қызметкері, К.А.Тимирязев атындағы Ленин және еңбек қызыл ту орденді Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясының аспиранты, Сарыағаш ауданы Красноводопад мемлекеттік селекциялық станциясының аға ғылыми қызметкері, «Шымкент» ғылыми өндірістік бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры болып жұмыс істеді.

Кейін Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры, тұқым шаруашылығы бойынша тәжірибелік шаруашылықтың директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.

1999-2010 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының, аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2010 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі болып еңбек етіп келген.