Шымкентте қоқыстан нәресте табылды

334

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Жаңа босанған ана өз баласын қоқысқа тастап кеткен.

010

Қаладағы Рашидов көшесінің бойындағы «Арыстан-мед» медициналық орталығы ғимаратының артындағы құрылыс заттарының арасынан жаңа туылған шақалақтың мәйіті табылды. Оны осы орталықтың күзетшісі тауып алыпты.

011

Қазіргі таңда оқиға орнына тергеу тобы жедел жетіп, сұрастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала белгілі болғаны — шақалақ жаңа туылған. Өкінішке орай, біраз уақыт жатып қалса керек, өлі денесінен иіс те шығып қалыпты.

Ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары басталып кеткенін айтты. Тәртіп сақшылары өз баласынан жиренген тасбауыр ананы іздестіруде.

Ернар Балабеков