Бүгін Шымкенттегі оқушылар сарайында қалалық «Айгөлек» шығарамашылық балалар байқауы басталды. Үш кезеңнен тұратын өнер сайысына шаһарымыздағы 21 бөбекжай-балабақшаның бүлдіршіндері қатысты.
Ән айтып, би билеуде бар өнерлерін ортаға салған балақайлар сайысқа ерекше дайындықпен келіпті. Қатысушылар «Оқуда озат боламын», «Бала бүлдіршін», «Мен, сен және ол» атты әндерді орындаумен қатар «Сыған», «Достық», «Киіз басу» билерін биледі.
Осылайша Оңтүстістің өнерлі, талантты балалары анықталмақ. «Айгөлек» байқауы биыл осымен 9-шы рет өтіуде. Ал бүгінгі байқаудың жеңімпазы ертең өтетін облыстық жарысқа қатысып, бақ сынайтын болады.