Бүгін Шымкентте жемқорлық тақырыбына арналған көрме-байқау өтті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған бұл шараға қоғамдағы өзекті тақырып арқау болған 50-ге жуық жұмыс ұсынылды.
Көрмеге облыстың түкпір-түкпірінен келген қылқалам шеберлерінің үздік деген туындылары қойылды. Сапалы шығармалар көпшілік жиналатын қоғамдық орындарға қойылатын болады. Айта кетейік, байқауға қатыстырылған шығармалардың мағыналық тұсына көп берілді.