Электр жарығы қымбаттамайды

349

Шымкентте электр қуаты қымбаттамайды. «Энергопоток» ЖШС табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінен электр қуаты тарифін өсіру туралы өтінімін кері қайтарып алды. Бұл туралы «Энергопоток» ЖШС қоғаммен байланыс департментінің директоры Оксана Иванова хабарлады.

002

Бұған дейін электр қуатын өткізу нарқының өсуіне байланасты серіктестік облыс бойынша 2015 жылдың 1 шілдеден бастап тарифті өсіруіне өтініш берген болатын. Алайда «Энергопоток» мекемесі алдыңғы электр қуатын жеткізушінің қызметінен бас тартуының себебінен тарифті өсірмейтін болыпты.