Есірткі сатпақ болған сарапшы сотталуда

309

Шымкентте аса ірі көлемде есірткі сатпақ болған сот медициналық сараптама орталығының бұрынғы қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды.

002

Айта кетейік, айыпталушы аталған орталықтың сот сарапшысы қызметін атқарған. Қызмет барысында арнайы сараптамадан өткізілуі тиіс есірткіні қолды етіп, орнына қарапайым ұн салып қояды. Сөйтіп аса ірі көлемдегі героинді сатып, пайда таппақ болыпты. Оңай жерден олжалы болғысы келген сарапшы қамауға алынды.