«Мәдениетім-мерейім» байқауын Шымкент қаласы жалғастырды

841
күй тартыс сайысы

Облыстық «Мәдениетім-мерейім» байқауының кезекті эстафетасын шымкенттік өнерпаздар қабыл алды. Өнер фестиваліне тыңғылықты дайындықпен келген үміткерлер жиналғандарды тәнті етті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3x3S_jKVQQQ[/youtube]

Айта кетейік, биылғы өнер сайысы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналып отыр.

қала тұрғындары

Шымкенттік үміткерлердің өнерін тамашалауға қала тұрғындары көптеп жиналды. Жерлестеріміз үшін алдымен қолөнер көрмесі ұсынылды. Қазақтың төл туындыларынан бастап қазіргі заманға тиселі құндылықтарды да кезіктіресіз. Тіпті мұнда көпшіліктің көз алдында шеберлік-сабағын жүргізгендер де табылды.

Айдана Жақыпова
Айдана Жақыпова

Айдана Жақыпова, қолөнер шебері: «Мен қазір газеттен кәрзіңке тоқып отырмын. Әрине, әдемі шығуы үшін мұны кейін бояймын. Қызыл, қоңыр түстермен. Мұны маған еңбекке баулу пәнінің мұғалімі үйретті, қызығушылығымның арқасында 1 айдың ішінде өнерді меңгеріп алдым. Қазір өзге де адамдарға үйретіп жатырмын».

Шымкент қаласының мәдениет бөлімі керемет кешті халыққа ұсыну үшін жыл бойы дайындалған. Сондықтан болса керек, кеште қазақтың фольклорлық өнерінен бастап хор, дәстүрлі ән сынды жанрлары шырқалды. Сөз асылын саптайтын айтыс өнері ұсынылды.

Мерейтой құрметіне қолға алынған кешке тамашалаған көрермендерді, әсіресе, цирк өнері таңдандырды. Көпшілік олардың орындалуы күрделі әрбір қимылдары мен шоу-бағдарламаларына куә болды.

газеттен жасалған еңбектер
Газеттен тоқылған кәрзеңкелер

Раушан Айғазиева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі секторының меңгерушісі: «Байқау ережесінің ерекшелігі сол – кәсіби емес, тек қаладағы жастар, студенттер, мектеп оқушылары ғана бағын сынай алады. Бұл таланттардың тасада қалмауы үшін қажет».

күй тартыс сайысы

Майра Жамбылқызы, көрермен: «Біздің ел, біздің қала көпұлтты. Сондықтан әрдайым татулығымызбен мақтанымыз. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Керемет кеш ұсынып қана қойған жоқ, кеш аяқталған соң бізді үйді-үйімізге жеткізіп тастайтын автобус та қарастырды».

көрерменнің қөарасы қалың

Концерттік шараға 200-ге тарта өнерпаз жұмылдырылған. Бірақ шара мұнымен ғана емес, көптеген жас өнерпаздардың осы сахнада тұсауының кесілуімен де ерекшеленді. Айта кетейік, облыстық «Мәдениетім – мерейім» байқауының қортындысы 27 маусым күні белгілі болмақ.