Мекемтас Мырзахметұлы: «Қалың мал» қоғамға қажет»

515

Халқымыздың салт-дәстүрін жаңғырту үшін этно-киноларды көптеп түсіру қажет. Бұл туралы мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасында өткен «Ата дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі орны» атты ғылыми-кеңесте сөз болды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының айтуынша, ұмытылар шегіне жеткен салт-жоралғыларды кинодан көрген көпшілік қайта қолданысқа енгізетін болады.

Әрі ұрпақ тәрбиесінде мұндай кино туындыларды түсірудің маңызы зор. Басқосуға келгендер, сондай-ақ, өзгеріске ұшырап, әр өңірде түрліше қолданатын ғұрыптардың мәселесін де айналап өтпеді. Әсіресе, қыз ұзату, қалың мал беру дәстүрлері ел арасында шет қалып барады.

8191
Мекемтас Мырзахметұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор: «Қазіргі адамдар «Қалың мал» жаман дейді,  оның несі жаман? Бұл – адамды сату емес. Керісінше, қыз жақ шығындалады ғой. Қыздың жүгін жияды, тіпті ине мен жібіне дейін соңынан апарады. Бұдан кейін жігіт тарапы жас отбасын бөлек, яғни, еншісін бергенде сол дүниені жиып-түйіп береді. Сондықтан қалың мал деген салт-дәстүріміздің орны бөлек, ақылмен табылған жоралғы. Қазіргі үйлену, бұрындары құда түсу дейтін. Құда түсіп, жарасқан жанұя ешқашан ажыраспайтын.»