Оңтүстікте 604 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

446
Фото: //strategy2050.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 604 үміткер «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат баспасөз орталығында ҰБТ қорытындысы бойынша мәлімдеме жасаған облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Елшиева хабарлады.

Фото: //strategy2050.kz
Фото: //strategy2050.kz

‒ Биыл 30982 мектеп бітірушінің 71 пайызы тест тапсырып, орташа көрсеткіш 78,7 балды құрап отыр. Оның ішінде 16924 бітіруші немесе бітірушілердің 93,5 пайызы шектік деңдейден өтіп. жоғары оқу орнына түсуге толық мүмкіндік алса, 3398 бітіруші 100 балдан жоғары көрсеткшке ие болды. Ал ең жоғарғы 125 балды Түлкібас ауданындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бітірушісі Абдазимова Лаура иеленді. Бұған қоса 124 балды – 5 оқушы, 123 балы – 22 оқушы жинады, ‒ дейді басқарма басшысы.

ҰБТ қорытындысымен облыс бойынша Кентау, Түркістан қалалары мен Созақ ауданының түлектері жоғары нәтиже көрсетіп, үздік үштікке еніп отыр.

Айта кету керек, соңғы төрт жылда облыс түлектерінің ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» иелерінің саны 366-ға артқан.

Тест тапсыруға ниет білдірген 18112 бітірушінің 96-сы халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары ретінде тест тапсырудан босатылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі