Шымкентте «Гүлжан Q CO» компаниясының көрмесі ашылды

712
әшекей бұйымдар

Шымкентте хош иісті үнді шәйі, емдік қасиеті бар әсел, сапалы тұрмыстық заттар мен косметикалық бұйымдарды ұсынатын жәрмеңке ашылды. Мұнда сіз жаныңызға қажеттінің барлығын қолжетімді бағада табасыз. «Гүлжан Q CO» компаниясы сіздер үшін қызмет етпек.

үнді шәйлары
Үнді шәйлары

Хош иісті үнді және қытай шәйлары, оның жоғары сұрыптары. Сапалы тұрмысқа қажетті заттар мен асыл тастармен көмкерілген бұйымдар, мың көркем ою-өрнекпен безендірілген соңғы сән үлгісіндегі әшкекейлер де осында. Мұндай жанға шипа дүниелер, көздің жауын алар заттардың барлығын  «Гүлжан Q CO» компаниясы жерлестеріміз үшін ұсынып отыр.

әшекей бұйымдар
Әшекей бұйымдар

Жәрмеңкеге келген жерлестеріміз мың бір дертке шипа балға қызығушылық танытып отыр. Олар әселдің құрамымен жақын танысуда. Жәрмеңке ұйымдастырушыларының сөзіне сенсек, балдың 40 түрін Ресейден әкеліпті.

Гүлжан Досжан
Гүлжан Досжан

Гүлжан Досжан, «Гүлжан Q CO» жәрмеңкесінің ұйымдастышысы: «Біз Шымкентке адамның қан қысымын қалыпты жағдайға түсіретін және асқазан мен ішек-жолдарын тазалап, емдейтін, әйелдер және ер адамдардың түрлі дерттеріне шипа әселдерді арнайы әкелдік. Тіпті демікпе, жүйке жүйесін тыныштандырып, бүйрек, бауырда кездесетін аурулар мен қант диабетін жазатын балды да ұсынып отырмыз. Мұндағы шәйлар да ешбір бояу-қоспасыз, түрлі дерттерді емдейді».

Әйелдер қауымы енді сұлулық салонына бұрылмаса да болады. Себебі мұнда нәзік жандылар үшін табиғи, кәсіби жасарту қабылеті жоғары косметикалар да баршылық. Жас қыз келіншектердің де терісіне арналған жақпалар мен бояуларды да табасыз. Тіпті барша отбасыға арналған өнімдер де осында.

Нина Федерова, қала тұрғыны: «Біздің отбасымыз – үлкен. Сондықтан мынадай табиғи, сапасы таза үнді шәйін алып отырмын. Қонақжаймыз, енді көршіліерімді шақырып шәй беремін».

Мейрамгүл Қаймақбаева, қала тұрғыны: «Мен әселді жақсы көремін. Жұмыстан келгенде шәймен бірге балды қосып ішсем, бар шаршағаным басылады. Емдік қасиеті мол өнімдердің бағасы да арзан екен».

табиғи шөптерден жасалған косметикалық өнімдер

Көрме-жәрмеңке 10 маусымға дейін жалғасады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Мангелдин көшесі бойындағы №36-43 үйі, «Жансая» мейрамханасының жанында.