Үнді көрме-жәрмеңкесі шақырады

987

Үндінің еш қоспасыз шәйі – Шымкентте! Енді тек фильмдерден көретін әшекей бұйымдары мен бедерленген ыдыс-аяғын тамашалап қана қоймай, сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

Шаһарымызда кезекті рет үнді тауарларының жәрмеңкесі басталды. Сауда-көрме бұл жолы қаламыздағы «Север» сауда орталығының төрінде, таңғы сағат 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

«Север» сауда орталығының төрінде – бір қарағанда Үнділер еліндегі мерейлі мереке немесе фильмдерде кезіктіретін көрініс дерсіз. Бірақ бұл  Шымкент шаһарындағы жәйт – кәдімгі көрме-жәрмеңке. Мың көркем әшекей бұйымдар мен жарқыраған сарилер, табиғи тастармен көмкерілген ұлттық сәндік қолданбалы қолөнер туындылары алыстан-ақ, көздің жауын алады. Жерлестеріміз әсіресе хош иісті нағыз үнді шәйін көріп, қаумалады.

«Үнді шәйі – Елдің брендік өнімі. Себебі ешқандай химиялық және зиянды қоспа қосылмайды. Шымкентке табиғи өнімнің ең жоғарғы сұрыпын әкеліп отырмыз. Түйіршіктелген түрінен бастап, жапырақ -жайма және алуан жемістердің жұпар иісімен малынып дайындалған өнімді қуана сатуға кірістік. Тұрғындар да шәйға келгенде талғамы жоғары – талғампаз екен. Өнімнің иісінен-ақ, сапасын бағалап, бізге алғысын білдіріп, тіпті келілеп алып кетіп жатыр», – дейді шәй сатушы Раджа.

Үнді шәйі

Үнді жәрмеңкесінен табиғаттың қоспасыз нәзіктігін сездіретін иіссуды да табасыз. Тіпті косметикалық бұйымдар да осында. Орамалдар мен төсек жапқыштары, көйлек-көншек, жылы шәлілер. Мұнда келушілердің кез-келгенінің талғамына сай дүние табылады. Сондай-ақ, шымкенттіктер жиһаздар, қолөнер бұйымдардың – дара, қайталанбайтын үлгі-нұсқаларын қарап, тәнті болысты.

Наталья Русанова, Үнді көрме-жәрмеңкесінің өкілі: «Жыл сайын өнімдерді жаңартып, жаңа тауарлар әкелуге тырысамыз. Шымкенттіктердің талғамы биік болғандықтан, әркез тың туындылар мен ерекше өнімдерді күтеді. Тұрғындарының да жүзі – жылы, бізді қуана қарсы алады. Биыл тұтынушыларымыздың қатары анағұрлым артқанын айрықша атап өткім келеді. Себебі біздің өнімнің сапасы жоғары және көбіне табиғи өнімдерді ұсынамыз! Соған қарай, табысымыз да жаман емес!».

Айта өтейік, Үнді тауарларының сауда-көрмесі наурыз айының 11-і жұлдызына дейін жалғасады. Ендеше, Сіздің де келіп, тамашалап, тың өнімдерді таңдап алуға мүмкіндігіңіз бар! Айтулы көрме қаламыздағы «Теріскей» шағынауданы, Рысқұлов көшесіндегі №49 «а» үйінде яғни, «Север» сауда орталығының төрінде жайғасқан.